Диспетчерлеу жүйелері
Автоматтандырылған орталықтандырылған жедел басқару мен кез-келген саладағы технологиялық үрдістерді басқаруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.

Біз үшін Сіздің нысандарыңыздың барлық жүйелерінің тиімді де қауіпсіз жұмыс істегені өте маңызды болады. Сондықтан, біз сізге кәсіпорныңыздың, сауда-ойын-сауық орталығыңыздың, тұрғын үйіңіздің, кеңсеңіздің және т.б. технологиялық процестерін диспетчерлік басқару және бақылау үшін қажетті болатын құралдар мен ресурстарды ұсынамыз. Икемді конфигурациялау Сізге кез келген міндеттерді шешу кезіндегі қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру үшін жүйені құру мүмкіндігін береді. Сондықтан, Сіз тек жақсы шешімге ғана емес, одан да зор мүмкіндіктері бар құрал-жабдықтарға ие боласыз.
-
Қашықтағы немесе жергілікті диспетчерлік жүйелер
-
Жеке-жеке нысандарды жедел басқарудың бірыңғай орталығы
-
Нысанды басқару және бақылау 24\7\365
-
Шынайы уақыттағы деректер мен көрсеткіштерді беру
-
Үшінші тарап жүйелерімен біріктіру, масштабтау
-
Білікті мамандар, тәуліктік техникалық қолдау, кеңес беру, талдау, жүйені және оның құрамдас бөліктерін жаңарту.