Желілік қызметтер
Желілік сервистердің HES Group-пен бірге ұзақ жылдар бойы сенімді жұмыс істеуі

Жоғары бәсекелестік жағдайында бизнес АT бөлімшесінен, яғни, АТ басшысынан АТ жүйелері мен қызметтерінің жоғары қол жетімділігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ олардың өзгеріп отыратын және әрдайым болжанбайтын талаптарға сәйкес дамуын күтеді.
Желілер мен желілік сервистер (деректерді берудің өзі, сондай-ақ телефония, бейне-конференц-байланыс, қашықтағы алаңдардан корпоративтік АТ-ресурстарға қол жетімділік және т.б.) тұтастай АТ жұмыс істеуі үшін аса маңызды болғандықтан, олардың сенімділігін қамтамасыз ету міндеті де ерекше маңызға ие болады.
«HES Group» мамандары жоғары кәсіби деңгей мен мол тәжірибеге ие бола отырып, Сізге мыналарды қамтамасыз ететін болады:
-
ДБЖ-нің қажетті ақаулыққа төзімділігі мен желілік қызметтердің сенімді жұмысын;
-
Желіні бизнесіңіздің міндеттеріне орай жобаластыруды;
-
Филиалдарды біріктіріп, корпоративтік желіні құруды;
-
Активті жабдықтың оңтайлы теңшеулерін ұсынуды;
-
Жабдықтың жұмыс қабілеттілігі мен байланыс арналарының жай-күйін тұрақты мониторингілеуді;
-
Жөндеу кезінде істен шыққан жабдықты жедел ауыстыруды;
-
SLA келісіміне сәйкес кепілдендірілген қызмет көрсету сапасын;
-
ДБЖ тиімді жұмысын қолдауға шығыстарды қысқартуды;